Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда балалар уланды деген ақпарат шықты: оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

Жарияланған күні:

Мектеп кабинеті
Мектеп кабинеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласындағы мектепте бес оқушы бояудың иісінен уланғаны белгілі болған. Оқиға туралы аудандық білім бөлімінің мамандары пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таяуда Алматы облысында бес оқушы бояудың иісінен уланып, ауруханаға жатқызылған. Ата-аналар оқу жылының ортасында жөндеуді бастаған директорды кінәлі деп санайды. Балалар сабақ ортасында әлсіздік сезгенін айтқан.

Нәтижесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар жергілікті емханаға жүрек айну, бас ауруы және бас айналу туралы шағымдармен жүгінген.

Талғар ауданы бойынша білім бөліміндегілер бұл жағдай бойынша түсініктеме берді – мамандардың айтуынша, "бояудың иісінен зардап шеккен бес бала туралы ақпарат расталмады".

"16 сәуірде сағат 16:20-да 7-сынып оқушысы екінші сабақта жағдайы нашарлағанына шағымданды. Дәрігерлік-амбулаториялық пункттің дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, оқушының анасымен бірге Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы облыстық балалар ауруханасына жіберді.

Дәрігерлер оқушыны тексеріп, тест тапсырғаннан кейін ЖРВИ диагнозын қойды. Ауруханада оқушының улану фактісі расталмады. Сонымен қатар бояудың иісінен зардап шеккен бес бала туралы ақпарат расталмады", - деп атап өтті аудандық басқармадағылар.

Кабинеттерді сырлау бойынша да түсінік берілді.

"12 сәуірде Жалғамыс ауылының №15 мектебінде сабақ аяқталғаннан кейін кабинеттердің бірінде қабырғалар, едендер мен парталар сырланды. Сондай-ақ қабылдау кабинеті мен директор кабинетінің едендері сырланды. Мектеп кабинеттерін демеушінің қаражатына сырланды. Мектептің жыл сайынғы жоспарлы жөндеуі оқу жылы аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Осыған байланысты "Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" ережелерін сақтамағаны үшін, атап айтқанда ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының 57-тармағы бойынша мектеп директорына ҚР Еңбек кодексіне сәйкес сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Мәселе білім бөлімінің қатаң бақылауында", - делінген түсініктемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087336-talgarda-balalar-ulandy-degen-aqparat-syqty-oqiganyn-zai-zapsary-belgili-boldy/