Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда төртінші қабаттан құлап кеткен 1,5 жасар бала аман қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Балкондағы бала
Балкондағы бала. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

Павлодарда 1,5 жасар бала көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап, бас-ми жарақатын алып, бірнеше жері көгерген. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бала қазір дәрігерлердің бақылауында, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда баланың құлағаны жайлы ақпарат жедел жәрдемге 18 сәуірде сағат 19:35-те келіп түскен. Ұл баланың анасы дәрігерлерге үй шаруасымен айналысып, бөлмеге кіргенде ұлын үйден таппағанын айтқан. Бірақ ол терезеден қараған кезде бала төменде болғанын байқаған.

Дәрігерлердің айтуынша, бала құлағаннан кейін тіпті есінен танып қалмаған. Бала бас сүйек-ми жарақатын алған, денесі көгеріп, жарақат алған.

"Баланың жолы болды десек, артық айтпаймыз. Ол төртінші қабаттан құлағанымен, бала мүлдем еш жерін сындырмаған, қаңқасы, аяқ-қолы сау, бас сүйегі бүтін. Миы шайқалған", - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологы Ардақ Айтмұхаметұлы.

2024 жылдың басынан бері Павлодар облысында 7 бала биіктен құлағаны тіркелген.

Баланың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады

Ішкі істер министрлігі балалардың терезеден құлау дерегінің көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген. Министрлік өкілдерінің айтуынша, әр ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, терезеден құлау деректерін азайта алады. Ол үшін мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

  • үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз. Тиісті терезе қорғанысынсыз москит торларын қолданбаңыз;
  • бала өз бетімен аша алмайтындай қылып терезелерге кілтті құлып салыңыз немесе терезе тұтқаларын орнатыңыз;
  • балаңызды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелердің немесе шыны есіктердің жанында ойнаған кезде қараусыз қалдыруға болмайды;
  • бала терезеге көтеріліп алмауы үшін жиһаздарды терезенің жанына орналастырмаңыз;
  • балаларға терезенің жанында төсек немесе басқа жиһазға секіруге рұқсат бермеңіз;
  • балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет;
  • үйде үлкен балалар болған жағдайда кішілеріне бас көз болуды үйретіңіз;
  • балалар бөлмесі үшін терезе аксессуарларын мұқият таңдаңыз. Мысалы, күннен қорғайтын құралдар – жалюзи және рулонды перделерде салбырап тұратын жіптері мен шынжырлары болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087858-pavlodarda-tortinsi-qabattan-qulagan-bala-aman-qaldy/