Адамдарға қамқорлық: Sun Group мейрамханалары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жібереді
Жарияланған күні:
Sun Group мейрамхана холдингінің қызметкерлері мен басшылығы қайырымдылық науқанын ұйымдастырып, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қол ұшын созды.
Қызметкерлер мен басшылыққа ең қажетті заттарды сатып алу үшін бірнеше күн жеткілікті болды: азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, әйелдер мен балаларға арналған жеке күтім заттары, киім-кешек, резеңке етік және шамдар. Екі күнде бірнеше тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Ал Алматы қаласының қамқор азаматтары үшін Queen Almaty мейрамханасының аумағында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды.
Жиналған гуманитарлық көмек Алматы қаласының комьюнити-орталығына жіберілді, ал сол жерден жүк бірден Орал қаласына жөнелтілді.
"Сонымен қатар 15 сәуір мен 1 мамыр аралығында Sun Group мейрамханалары су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде барлық тапсырыстардың 10% жібереді.
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін барлық жиналған ақша тиісті қорларға жіберілетін болады. Бұл біздің азаматтық борышымыз деп санаймыз", – деді Sun Group мейрамхана холдингінің PR-директоры Камшат Әкімқожақызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087975-adamdarga-qamqorlyq-sun-group-meiramxanalary-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-gumanitarlyq-komek-ziberedi/