Шымкентте Бадам өзенінен ер адамның денесі табылды (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте жасөспірім қыздар өзеннен ер адамның денесін байқап, полиция шақырған. Қайтыс болған адам 50-60 жас шамасындағы ер адам болып шыққан. Оның жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның ақпаратынша, ер адамның денесі Бадам өзенінд 24 сәуір күні түсқайта табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша полицияны суда жатқан ер адамның денесін көрген жасөспірім қыздар шақырған.
Құтқарушылар полицейлермен бірге Еңбекші ауданы Саттарханов көшесіндегі Забадам тұрғын алабында жетіп, денені судан шығарған.
"Ер адамның киімі болды, шамамен 50-60 жаста. Оның қалай қайтыс болғаны және ер адамның жеке басы анықталуда", - делінген материалда.
Құзырлы органдар адам өлімі фактісі бойынша тергеу бастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2090723-shymkentte-badam-ozeninen-er-adamnyng-denesi-tabyldy-video/