Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кедергі келтірмеңдер, жігіттер": Қостанай облысында полицейлерді көлік қағып кете жаздады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жүргізуші полицейге қарамастан көлігін айдап бара жатыр
Полиция бөлімі маңындағы жағдай. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысында жергілікті тұрғын полиция қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіремін деп қорқытты деп айыпталып жатыр. Бұл оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жағдай 24 сәуірде Қостанай облысының Қарабалық кентінде болған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғынына екі полиция қызметкері ескерту жасаған.

"Алайда ол полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, сақшыларды сүйреп, оқиға орнынан қашуға тырысқан", - делінген ІІМ хабарламасында.

Екі полицей де түрлі дене жарақаттарын алған.

Болған жайт видеоға түсіп қалған. Полицейлердің видеожетонына жазылған бейнежазбада ұсталған адам мен тәртіп сақшылары арасындағы әңгімені тыңдауға болады.

"Кедергі келтірмеңдер, жігіттер. Ескертемін. Басып кетемін. Соны сұрап тұрсыңдар ма? Кедергі келтірмеңдер, ары тұрыңдар", - дейді тізгіндегі адам.

"Қайда бара жатырсыз? Тоқтай тұрыңыз, тоқтаңыз", - дейді оған полиция қызметкері.

Осыдан кейін жүргізуші тәртіп сақшысының көліктің алдында тұрғанына қарамастан орнынан қозғала бастайды.

"Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ІІМ мамандары полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091359-kedergi-keltirmengder-zhigitter-qostanai-oblysynda-politseilerdi-kolik-qagyp-kete-zhazdady-video/