Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адам өліміне әкеп соқтырған автобус апаты: сотталушы сотта жылап, кешірім сұрады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Айыпталушы Ахметжанов
Айыпталушы Ахметжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Алматыда үш адамның қазасына әкеп соқтырған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз жалғасын тапты. Сотталушы Ахметжановқа сотта соңғы сөз берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін жарыссөзде қорғаушылар сөз алды, сонан соң судья айыпталушы Дархан Ахметжановқа сөз берді.

"Бұзақылық жасағанымды мойындаймын. Өрескел қателік жібердім, ашуға бой алдырдым. Бұзақылық жасағаным үшін өте қатты өкінемін. Алдағы уақытта өзіме үлкен сабақ алдым деп түсінемін. Енді бұзақылық жасамаймын деп өзіме кәміл сенемін және сіздердің де сенуіңізді сұраймын", - деді ол.

Ол тергеушінің қоғамдық көліктегі тәртіп ережелерін елемей, қасақана бұзақылық жасады деген уәжіне келіспейтінін жеткізді.

"Наркологиялық диспансердің сараптамасы бойынша, ішімдік не есірткі қолданғаным туралы ешқандай ақпарат анықталған жоқ және ондай нәрселерге ешқашан әуестігім болған емес. Ақыл-есім дұрыс, бұрын соңды психикалық диспансерде есепте тұрған емеспін, бар ойым үйге жету болатын, үйге жетуге асықтым, оның мән-жайын түсіндіріп айттып кеттім. Бұрын соңды ешқандай тәртіп бұзушылық жасаған жоқпын, қылмыстық жауапкершілікке тартылған емеспін. Жеп жүрген нанымды маңдай теріммен тауып жүрген қарапайым құрлысшымын. Үш баланың әкесімін және асыраушысымын. Құрметті сот мырза, осы фактілерді ескере отырып, маған берілетін жазаның аз және жеңіл түрде болуын сұраймын. Әділ шешім қабылдайды деп сізге үлкен үміт артамын", - деді ол.

Айыпталушы сөз сөйлеп тұрып көз жасына ерік берді. Ол өзінің кінәсінен осындай сынақты басынан өткергені үшін қаза болған адамдардың туыстарынан, сондай-ақ өзінің ата-анасы мен жақындарынан кешірім сұрады.

Іс бойынша үкім бүгін сағат 16:30-да жарияланады.

Еске салсақ, кеше прокурор Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, жол апатында қаза тапқандардың туыстары жүргізуші әйелді жазалауды талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091746-almatydagy-adam-olimine-akep-soqtyrgan-avtobus-apaty-sottalushy-sotta-zhylap-qaza-bolgandardyng-tuystarynan-keshirim-surady/