ҰҚК қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын ұстады (фото)
Жарияланған күні:
17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынған.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 297 бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген ведомство хабарламасында.
Комитет өкілдері ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын атап өтті.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091764-uqk-qyzmetkerleri-almaty-oblysynyng-turgynyn-ustady-foto/