Маңғыстау облысында су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан ер адам жазаланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМаңғыстау облысының тұрғыны Атырау облысындағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды – ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.
Маңғыстау облысының тұрғыны ұялы телефонындағы WhatsApp мессенджері арқылы Атырау облысында төтенше жағдай болғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқан.
"Әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 мың теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл салынды" , - делінген сот хабарламасында.
Қаулы күшіне енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2094182-atyraudagy-su-tasqyny-turaly-zhalgan-aqparat-taratqan-manggystau-oblysynyng-turgyny-zhazaga-tartyldy/