Ақтөбе облысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен жас қызға іздеу жарияланды. Ол 2 мамырда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Ақтөбе облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы хабар-ошарсыз кеткен 2007 жылғы Аружан Орынбасарованы іздестіріп жатыр.
"2 мамырда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп қалған", - делінген ведомсвто хабарламасында.
Жоғалған қыздың белгілері: бойы 140-150 см, орта денелі, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киіп шыққан.
Полицейлер осы қызға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, полицияның 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095457-aqtobe-oblysynda-kamelettik-zhasqa-tolmagan-qyz-zhogalyp-ketti/