Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі көтеріліп жатыр (видео)
Жарияланған күні:
ТЖМ өкілдерінің айтуынша, қорғаныс бөгеттері Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейін төртінші күн ұстап тұр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді әлі күнге дейін су басуы мүмкін.
Өңірде жалпы ұзындығы 520 шақырымнан асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынған.
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, биыл 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Атырауда, Индербор мен Махамбет аудандарында су деңгейі тәулік бойы көтеріліп отыр", - делінген хабарламада.
- Атырау – 533 см, тәулігіне + 5 см;
- Индербор ауданы – 1026 см, тәулігіне +12 см;
- Махамбет ауданы – 939 см, тәулігіне +15 см.
Сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су мөлшері қауіпті деңгейден асқанын айтты. Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098667-zhaiyq-ozenindegi-su-denggeii-ali-kunge-deiin-koterilip-otyr-video/