Ақмола облысында итті қағып кеткен депутат жазаланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Ақмола облысындағы мәслихаттардың бірінің депутаты әріптестерінің көзінше итті қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Облыстық полиция департаменті өкілдері ер адам жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Депутат Ақмола облысында әріптестерінің көзінше итті аяусыз қағып кетіп, көліктен түсіп, салқынқандылықпен әрі қарай "жұмысына" жөнелген.
Куәгерлердің айтуынша, ит адамдарға сенгендіктен көліктен қашпаған. Оны бүкіл ұжым үнемі тамақтандырып, суық мезгілде өлуіне жол бермеген. Мұндай садизм әрекетінен кейін адамдар жануарға көмектесуге тырысқанымен, ештеңе істей алмады. Салдарынан иттің өлігі көлікке тиеліп, көмілді", - деп жазылған желіде тараған ақпаратта.
Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Зеренді аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізді, оның барысында полицейлер жануарға қатыгездік көрсеткен жүргізушіні жауапкершілікке тартты", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2099636-aqmola-oblysynda-itti-qagyp-ketken-deputat-zhazalandy/