Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната жарылды: екі полицей зардап шекті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы облысының полиция департаменті Қонаев қаласының маңында оқу-жаттығу кезінде болған оқиғаға қатысты желіде жарияланған ақпаратты растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға туралы Telegram-дағы EgovPress арнасы хабарлады.
Басылымдағы ақпарат бойынша, бұған дейін Қонаев қаласының маңында Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаттығу жұмыстарын жүргізген. Қызметкерлердің бірі күтпеген жерден граната лақтырған, соның салдарынан ЖҚАЖ-дың екі қызметкері ауруханаға жеткізілген.
Жазбаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдірген.
"Полигондағы оқу-жаттығу жиындары кезінде облыстық департаменттің екі қызметкері жарқыл гранатасын қолдану кезінде жарақат алды. Салдарынан олардың бірі қалалық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полициядағылар.
Ведомство өкілдері оқиға туралы өзге мәлімет жарияланбайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2101373-almaty-oblysynda-oqu-zhattygu-kezinde-granata-zharyldy-eki-politsei-zardap-shekti/