Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында көлік өртенді

Жарияланған күні:

Өртенген көлік
Өртенген көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

17 мамырда бүгін түнде "Қостанай-Қарабұтақ" тас жолында көлік өртенді. Өрт сөндірушілер отты сөндірдІ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, бүгін түнде "Қостанай-Қарабұтақ" тас жолында көлік өртке оранды.

Өрт сөндірушілер көлікте шыққан өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт көлік электр сымдарының қысқа тұйықталғандықтан шыққан.

"ТЖМ барлық автокөлік жүргізушісін көлік құралы сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруға және аталған оқиғаларды болдырмау үшін қырағы болуға шақырады.

Өрт орын алған жағдайда дереу “101” немесе “112” нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2102711-qostanai-oblysynda-kolik-ortendi/