Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде өрттен екі зейнеткер қаза тапты
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысындағы Достық ауылында болған ірі өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақтөбе облысында болған ірі өрт туралы ақпарат ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.
"Оқиға осы түні Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған.
Оқиға орнында өртті сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.
ТЖД мамандары 90 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірген, өрт неден шыққаны анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2102750-aqtobe-oblysyndagy-auyldardyng-birinde-ortten-eki-zeinetker-qaza-tapty/