Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда лифт алдында әйелді тепкілеген ер адамның үстінен бұзақылық бабымен іс қозғалды (видео)

Жарияланған күні:

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Алматыда тұрғын үй кешенінде лифт алдында әйелді ұрған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталды және полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Алматы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұған дейін Алматыда адамдардың көзінше лифт алдында әйелге жұдырық ала жүгіріп, бір минутқа жетер-жетпес мезетте бірнеше рет соққы жасаған ер адам видеокамера объективіне түсіп қалғанын жазған едік.

Видео НемолчиKZ қоғамдық қорының желідегі парақшасында жарияланды. НемолчиKZ өкілі оқиға кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайына алаңдаушылық білдірген.

"Ол оны картоп салынған қапша тоқпақтады. Барлығы лифтке кіріп, өз жұмысымен кеткені ме? Ал әйел қайда қалды? Тірі ме? Көмек керек емес пе? Бәріне келіп-кетері жоқ", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Дина Тәңсірінің жазуынша, әйел бұл ер адаммен ажырасып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2102825-almatyda-lift-aldynda-aieldi-tepkilegen-er-adam-ustaldy/