Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: irbistv.kz

Павлодарда 18 мамырда автобус жүргізушісі трамвай бағанына соғылып, қаза тапты. Жол-көлік оқиғасының алдын-ала себебі - жүрек талмасы, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, жол апаты Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болған.

"Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трамвай бағанына соқтығысты. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Жол апатының алдын-ала себебі - жүрек талмасы. Өзге мән-жайлар анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2103236-pavlodarda-tramvai-baganyna-sogylgan-avtobus-zhurgizushisi-koz-zhumdy/