Cемейдегі сауда орталығының маңында ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Семей қаласындағы ірі сауда үйлерінің бірінің жанынан ер адамның денесі табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
"Ер адамның денесі Семей қаласының Глинка көшесі 25а мекенжайында орналасқан сауда үйлерінің бірінің жанынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам есінен танып қалды. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейтінін айтты.
Атырау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің денесі табылған еді.
Сондай-ақ сәуір айының аяғында Қазақстанда жоғалған екі азамат өлі күйінде табылғанын да жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2103860-cemeidegi-sauda-ortalygynyng-mangynda-er-adamnyng-denesi-tabyldy/