Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте медицина академиясы оқытушысының жұмбақ өліміне байланысты тергеу басталды

Жарияланған күні:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры қазасының мән-жайы анықталып жатыр. Оған себеп, тергеушілердің айтуынша, денсаулыққа ауыр зиян келтіру.

Central Media News порталының хабарлауынша, 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Шымкентте соққыға жығылып, бес күннен кейін ауруханада қайтыс болған.

Басылымның жазуынша, оқытушы мен академия студенттерінің бірі арасында жанжал шығып, студентті полиция қызметкерлері ұстаған. Марқұм болған оқытушы университетте 20 жылдай жұмыс істеген.

Ал университеттегілер ер адам оқыс оқиға салдарынан қайтыс болды деп есептейді.

NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті анықталды, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді полицейлер.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2104668-shymkentte-meditsinalyq-universitet-oqytushysynyng-zhumbaq-olimine-bailanysty-tergeu-bastaldy/