Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іс материалдары – 508 том": Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының ісіне қатысты жаңа деректер айтылды

Жарияланған күні:

Елдос Қоспаев және қылмыстық топ мүшелері
Елдос Қоспаев және қылмыстық топ мүшелері. Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының ісін тергеу барысына қатысты мәлімет берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жеңіс Елемесов іс бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

"Іс бітті. Қазір танысу сатысында", - деді ол.

Елемесовтің айтуынша, іс материалдары 508 том болған.

"Бұл 8 терабайт болатын заттай дәлелдемелерді, видео және аудио жазбаларды есептемегенде. Жұмыс өте ауқымды – 13 күдікті бар. Сәйкесінше адвокаттары бар. Оның әрқайсы іспен танысуы керек", - дейді ҚМА өкілі.

Еске салсақ, 2022 жылғы шілдеде қазақстандық танымал кәсіпкерлерді бопсалап, мүліктерін тегін беруге мәжбүрлейді деген топ әрекетінің жолы кесілген болатын.

Кейінірек ҚМА келтірілген шығынның алдын ала сомасы 18 млрд теңгеден астам екенін хабарлады. Бабаев, Танашев, Әбіжанов және Алтыбасаров қамауға алынған, ал Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланған.

2023 жылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елдос Қоспаев пен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланғанын хабарлады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2105136-is-materialdary-508-tom-qospaevtyng-uiymdasqan-qylmystyq-tobynyng-isine-qatysty-zhanga-derekter-aityldy/