Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8-9 рет ауыр соққы жасаған": өгей баласын өлтірді деп айыпталған 19 жастағы алматылық сотталды

Жарияланған күні:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда бала өлтірді деп күдікке ілінген ер адам сотталды – сот оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл жөнінде қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас баланы өлтірді деп айыпталған Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Д. Т.-мен және оның алғашқы некесінен туған ұлымен 2023 жылдың тамызынан бастап жалға алынған пәтерде бірге тұрған.

"2023 жылдың қыркүйегінде сотталушы Д. теріс ниетпен және баланың әкесінен кек алу мақсатында кішкентай Х.-ны (азаматтық некедегі әйелінің ұлы) өлтіру туралы қылмыстық ниетті ұстанды. Қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында сотталушы күшпен Х.-ның басы мен асқазанынан 8-9 рет жұдырықпен ауыр соққы жасаған, бұл бауырдың жарылуына және іштей қан кетуіне әкеп соқтырған", - делінген сот хабарламасында.

Сот мәліметінше, сотталушы баланы балабақшаға апарып, дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Бала балабақшадан ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күннен кейін ауруханада алған жарақаттардан қайтыс болды.

Сотталушы кінәсін мойындамады.

"Сот үкімімен сотталушы Д. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады сот өкілдері.

Еске салсақ, Алматыда бала өлтірді деген күдікпен 19 жастағы тұрғын ұсталғанын жазған едік. Төрт жасар баланың өкей әкесінің қолынан қаза тапқанын НеМолчи.Kz қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2105346-8-9-ret-auyr-soqqy-zhasagan-ogei-balasyn-oltirdi-dep-aiyptalgan-19-zhastagy-almatylyq-sottaldy/