Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін, 24 мамырда түнде Алматының Әуезов ауданында адам өліміне әкелген жол апаты болды – көлік жүргізушілерінің бірі қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жол апаты 24 мамырда сағат 02:35-те Алматының Әуезов ауданында болды.
"Райымбек даңғылында екі көлік соқтығысты. Жүргізушілердің бірі алған жарақатынан көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның өзге мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Саймасай ауылында жол апаты болған еді. Әйел 5 жасар баланы көлікпен қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2106225-almatyda-tunde-adam-olimine-akep-soqqan-zhol-apaty-boldy/