Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында қызғаныштан әйелін ұрған тұрғын ауылдастарының көзінше сотқа тартылды

Жарияланған күні:

Сотта судья үкім оқып тұр
Сот отырысы. Фото: facebook.com/aqmolaoblsud

Ақмола облысында азаматтық некедегі әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты жария сот отырысы өтті. Бұл жөнінде облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, азаматтық некедегі әйелінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген ер адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қаралған.

Ақмола облысының тұрғыны алкогольдік масаң күйде қызғаныштан жанжал шығарып, азаматтық некедегі әйелінің бетінен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Бұл құқықбұзушылықты ол бір жыл ішінде екінші рет қайталап жасаған. Бұған дейін де ол осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

"Сот қаулысымен ол 25 тәулікке қамауға алынды және оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

Жария сот отырысына осындай құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар шақырылып, оларға заңбұзушылықтың салдары түсіндірілді", - делінген сот хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2106492-aqmola-oblysynda-qyzganyshtan-aielin-urgan-turgyn-auyldastarynyng-kozinshe-sotqa-tartyldy/