Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 50 теңгеге бола төбелес шығып, ақша сұраған әйел ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Екі ер адам төбелесіп жатыр
Қарағандыдағы жанжал. Видеодан кадр: instagram.com/ekaraganda.kz

Көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс адамнан 50 теңге сұрап алмақ болған әйел ер адамның соққысынан жол жиегіне басымен құлап, есінен танып қалды. Бұл жайт бүгін Қарағандының Шахтинск ауданында болған, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Төбелес бүгін, 24 мамырда Қарағандының 22-шағын ауданында болған, бұл жайтты куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мен әйел көшеде өтіп бара жатқан адамды тоқтатып, 50 теңге сұраған. Бейтаныс адам ақша беруден бас тартқан. Сол кезде әйел оны ұрып жіберген. Ал ер адам әйелдің өзіне тап берген.

"Әйел келіп, 50 теңге сұрады, содан кейін ол ер адамға қол көтеріп, оны ұрып жіберді. Бұл жайт ер адамды ашуландырып, әйелді, одан соң оның күйеуін ұрды. Әйел жол жиегіне баспен құлады. Балалар жедел жәрдем шақырды", - дейді куәгерлер.

Құлаған кезде есінен танып қалған әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды облысының полиция департаменті қазір оқиғаға қатысушылар іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Полиция белгісіз біреудің 32 жастағы қала тұрғынына дене жарақатын салу фактісін тіркеді. Қазіргі уақытта күдіктіні іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2106645-qaragandyda-50-tenggege-bola-tobeles-shygyp-aqsha-suragan-aiel-auruhanaga-tusti/