Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зардап шеккен түлек ауруханаға жеткізілді: Жамбыл облысында жол апатынан жас қыз қаза тапты

Жарияланған күні:

Жамбыл облысындағы жол апаты
Жамбыл облысындағы жол апаты. Фото: facebook.com/AkimatZhualy

Жамбыл облысы Жуалы ауданында жол апатынан бір адам қаза тапты. Көлік ішінде мектеп бітіруші түлек те болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жуалы ауданы әкімдігінің Facebook парақшасындағы ақпаратына сүйенсек, жол апаты 25 мамырда болған.

"Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған", - делінген хабарда.

Жол апаты салдарынан 21 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген.

Қазір олардың жағдайы тұрақты, бақылауда.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2106987-kolikte-bolgan-tulek-auruhanaga-zhetkizildi-zhambyl-oblysynda-zhol-apatynan-zhas-qyz-qaza-tapty/