Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда әйелін ұрып, үйін жарып жіберді деп күдікке ілінген 94 жастағы зейнеткер қайтыс болды

Жарияланған күні:

Петропавлдағы өртенген үй
Петропавлдағы өртенген үй. Фото: astanatv.kz

Петропавлда көршілерінің айтуынша, әйелін ұрып-соғып, сонан соң үйін газ баллондарымен жарып жіберген 94 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Петропавлда көршілерінің айтуынша, 94 жастағы ер адам өз үйін газ баллондарымен жарып жіберген. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

"Денесінің көптеген бөлігін күйік шалған 94 жастағы науқас шұғыл түрде қалалық көпсалалы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Денесінің 60 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап, жасанды желдету аппаратына қосқан. Зейнеткер жансақтау бөлімінде толықтай ем қабылдаған, бірақ ол 25 мамырдан 26 мамырға қараған түні қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, 22 мамырда Петропавлда жеке үйде жарылыс болған. Көршілері 94 жастағы зейнеткер өз үйін газ баллондарымен жарып жібергенін айтқан. Жарылыс кезінде зейнеткердің өзі үйдің ішінде болған.

Көршілердің айтуынша, мұндай әрекетке зейнеткер мен әйелі арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін – әйелі бұған дейін қатты соққыға жығылған. Тәртіп сақшылары үйге кіріп, зейнеткерді тоқтатпақ болған, соған қарамастан ол сіріңкені тұтатып жіберіп, жарылыс болған. Тұрғындар оның мұндай жарылыс әрекеттерін бұған дейін де жасағанын айтқан. Бұл факт бойынша тәртіп сақшылары "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2107782-petropavlda-aielin-uryp-sogyp-uidi-zharyp-zhiberdi-dep-kudikke-ilingen-94-zhastagy-zeinetker-qaitys-boldy/