Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Станок қысып қалған": Оралда кірпіш зауытында жұмысшы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оралдағы кірпіш зауытында қайғылы жағдай болды – 51 жастағы жұмысшы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды, деп жазады "Мой город" басылымы.

Басылымның БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазуынша, 27 мамырда кірпіш шығаратын зауытта жұмысшыны станок қысып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Көптеген дене жарақатын алған ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы жұмысшы қазасының мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

"Қорытындысы тергеуден кейін белгілі болады. Ол 10 жұмыс күніне созылады. Қажет болса, мерзім екі рет ұзартылуы мүмкін", - дейді Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Арман Тұйғынбетов.

Полицейлер бұл жағдай жөнінде ақпаратты кейінірек беретінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2107968-oralda-kirpish-zauytynda-zhumysshy-qaitys-boldy/