Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында рейстік автобус апатқа ұшырады: жолаушылар жарақат алып, жүргізуші қаза тапты

Жарияланған күні:

Оқиға болған жер
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/baurzhan__alenov

Бүгін, 30 мамырда "Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 222 шақырымында рейстік автобус қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.

Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 11 жолаушы түрлі жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді.

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өңір полициясы барлық жүргізушіге белгіленген жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2109732-almaty-oblysynda-reistik-avtobus-apatqa-ushyrady-zholaushylar-zharaqat-alyp-zhurgizushi-qaza-tapty/