Астанада мұнаралы краннан жұмысшы құлап, мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Астанада жұмысшы мұнаралы краннан құлап қайтыс болғанын айтқан әйелдің видеосы тарап жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы astana__sergek парақшасында жарияланған видеодағы ақпаратқа сәйкес, елордада жұмысшы мұнаралы краннан құлап, мерт болған. Бұл ретте болжамды қайғылы оқиға туралы баяндаған әйел төтенше жағдай болуы мүмкін құрылыс алаңынан видео түсірген.
Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне фактті растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оператор мұнаралы краннан түсіп бара жатқан кезде құлап, ауыр жарақат алған, салдарынан қайтыс болды. Бұл дерек бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция қызметкері.
Сондай-ақ ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2110041-astanada-munara-kranynan-zhumysshy-qulap-mert-boldy/