Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да медициналық университет ректоры ұсталды: Антикор ақшаны тәркілеу сәтінің видеосын жариялады

Жарияланған күні:

Ақшаны тәркілеу сәті
Ақшаны тәркілеу сәті. Видеодан кадр: t.me/antikornews

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері заттай айғақтары тәркілеу сәтінен видео жариялап, тергеудің жай-жапсарын баян етті.

"Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған", - делінген Антикор хабарламасында.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2110452-bqo-da-meditsinalyq-universitet-rektory-ustaldy-antikor-aqshany-tarkileu-satining-videosyn-zhariialady/