Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өртеніп жатқан қонақ үйдің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Алматыда қонақ үй өртенді
Алматыда қонақ үй өртенді. Видеодан кадр: ТЖМ

Сәрсенбі, 12 маусымда Алматыда таңғы уақытта өрт шықты. Қала аудандарының бірінде қонақ үй өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство Алматы құтқарушылары өрт болған жерде жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

"Осы минуттарда Алатау ауданында өрт сөндірушілер қонақ үйлердің бірінде өртті сөндіруде.

Оқиға толығырақ нақтыланып жатыр", - ТЖМ хабарламасында.

Жаңа мәліметтер бойынша 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алатау ауданын, Қарасу ықшамауданы, Молодежная көшесіне жіберілді.

Оқиға орнына 6 минутта келген сәтте, 2 қабатты қонақ үйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықталды, қызыл жалын бутиктерге таралып үлгерген.

Дереу жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға өрт оқпандары қойылған.

Қонақ үй әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, қонақ үйге келушілер сыртқа шығрылып, өрт орнынан 4 газ баллоны эвакуацияланды.

Өрт 06-45-те оқшауланып, 07-00-де жойылды. Ведомство өкілдері зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2115879-almatyda-ortenip-zhatqan-qonaq-uiding-videosy-tarady/