Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Жол апаты. Видеодан кадр: Facebook/Бауржан Аленов

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105-километрінде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан үш адам зардап шеніп, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленовтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Бауыржан Әленовтің сөзінше, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді.

Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.

Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елжан Чупековтің сөзінше, барлығы — бір әулеттің адамдары.

Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Аталған факт бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облыстық ПД өкілдері жүргізушілерге рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, жол ережелерін бұзбауды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2115918-almaty-oblysynda-zhol-apatynan-tort-adam-qaza-tapty/