Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңында қоқыс полигонынан өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Қоқыс палигонындағы өрт
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Қонаев қаласында қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Өртсөндірушілер кешеден бері ондағы өртті сөндіруге күш салуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қонаев қаласы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс өртенген.

"Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам уақыт бойы алдын ала болжам бойынша, бір мың шаршы метр алаңдағы қоқыс өртін сөндіріп жатыр. Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2116659-almaty-mangynda-qoqys-poligonynan-ort-shyqty/