Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты

Жарияланған күні:

Құтқарушылар жұмыс істеуде
Құтқарушылар жұмыс істеуде. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өндіріс цехтарының аумағының бірінде болып жатқан өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, бірқабатты ғимараттың шатыры жанған. Өрттің алдын-ала ауданы 800 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада бильярд клубы өртеніп, 18 адам эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2117871-pavlodarda-iri-ondiris-oshaqtarynyng-birinen-ort-shyqty/