Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада әйел лифт шахтасына құлап кетті

Жарияланған күні:

Лифт батырмасы
Лифт батырмасы. Көрнекі фото: pexels.com

Астана қаласының Алматы ауданындағы мектептердің бірінде әйел адам лифт шахтасына құлады. Оған көмекке ТЖМ құтқарушылары келді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында құтқару операциясы кезінен видео жариялады. Бейнежазбада лифт шахтасына құлаған әйелді сыртқа шығаруға тырысып жатқанын көруге болады.

Зардап шеккен әйел 1986 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. ТЖМ ақпаратына сәйкес, ол үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2117925-astanada-aiel-lift-shahtasyna-qulap-ketti/