Қостанай облысында екі қыз бала суға батып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанай облысы Кеңарал ауылында қайғылы жағдай болды. Онда ересектердің қарауынсыз шомылған екі қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД сілтеме жасап.
Қостанай облысы ТЖД ақпаратынша, екі жасөспірім Үй өзеніне батып кеткен. Қайғылы жағдай Федоров ауданы Кеңарал ауылында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша 2014 және 2015 жылы туған қыз балалар арнайы жабдықталмаған жерде ересектердің қарауынсыз шомылған. Құтқарушылар су қоймасынан бір қыздың денесін тапты. Екінші жасөспірімнің денесін іздестіру жалғасуда", - деп хабарлады департамент өкілдері.
ТЖД өкілдері су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін, балаларды қараусыз қалдырмай, жабдықталмаған орындарда шомылуға болмайтынын тағы бір еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118207-qostanai-oblysynda-eki-qyz-bala-suga-batyp-ketti/