Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда мал союға арналған жерде газ баллоны жарылды

Жарияланған күні:

Жарылған газ баллоны
Жарылған газ баллоны. Фото: ТЖМ

Оралда мал союға арналған орында газ баллоны жарылған. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ТЖМ ақпаратынша, Оралда мал союға арналған орында газ баллоны жарылған.

Төтенше жағдай жергілікті базарлардың бірінде болған.

"Зардап шеккендер бар. Әр-түрлі күйіктері бар науқастар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарда.

Осы ретте министрлік өкілдері газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі екенін айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін елімізде Құрбан айттың бірінші күні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118228-oralda-mal-soiuga-arnalgan-zherde-gaz-ballony-zharyldy/