Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылу желілерін сынақтан өткізу кезінде жанармай бекетінің маңында құбыр жарылды (видео)

Жарияланған күні:

Жанармай бекетінің маңындағы жылу желілерінің жарылысы
Жанармай бекетінің маңындағы жылу желілерінің жарылысы. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда гидравликалық желілерді жоспарлы сынақтан өткізу кезінде қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінің маңындағы жылу желісіндегі құбыр жарылды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінің маңында жылу желісінде жарылған құбырдан атқылап шыққан сұйықтық видеоға түсіп қалды. Видео Telegram-дағы Kris_p_almaty_kz арнасында жарияланған.

"Жанар-жағармай құю станциясының аумағында Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында орналасқан Sinooil жанармай құю бекетінде су атқылады", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне берген мәліметіне сәйкес, жылу желісіндегі жарылу жоспарлы сынақтарды өткізу кезінде болған.

"Бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында қалада жылу желілерінің жоспарлы гидравликалық сынақтары кезінде Райымбек даңғылы мен Механикалық көшесі қиылысына жақын жерден өтетін магистральдық құбыр учаскелерінің бірінде құбырдан су атқылады.

Диаметрі 700 мм құбыр жарылғаннан кейін "Алматы жылу желілері" ЖШС жедел тобы шұғыл түрде жарылыс болған жерді анықтап, зақымданған жерді жөндеуге кірісті.

Алдын ала болжам бойынша, оның себебі – 1966 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуы", - делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118768-almatyda-zhylu-zhelilerin-synaqtan-otkizu-kezinde-zhanarmai-beketining-mangynda-qubyr-zharyldy-video/