Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда үш жасар бала терезеден құлап, қаза болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Терезеден қарап тұрған бала
Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде Теміртауда кішкентай бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, қаза болды деген ақпарат тарады. Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "Вечерний Караганда" арнасының мәліметінше, Теміртау қаласында 3 жасар бүлшіршін 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала үйде үлкендердің қарауынсыз қалған.

"Ол бірнеше жарақатпен қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды, сол жерде бала көз жұмды", - деп жазады басылым авторлары.

NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарласты. Дәрігерлер бұл ақпаратты растады.

"Бала ауыр жарақаттан көз жұмды", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118795-temirtauda-ush-zhasar-bala-terezeden-qulap-qaza-boldy/