Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жеткіншекті жабылып соққыға жыққан жасөспірімдер видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде Ақтауда бір топ жасөспірім құрдасына шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Бейнебақылау камерасына жасөспірім соққыға жығылған сәті түсіп қалған. Маңғыстау облыстық ПД өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Lada басылымының Telegram-дағы арнасында жарияланды. Оның кадрларынан жасөспірімдердің бірі жеткіншекке қарай жүгіріп барып, аяусыз ұра бастағаны көрсетілген. Содан кейін тағы үш жасөспірім қосылып, жерде жатқан баланы тепкілеген. Кейін ұрған балалар қашып кеткен.

Бейнекамерадағы дерек бойынша, оқиға 14 маусымда сағат 21:40-та болған. Бұл оқиға, болжам бойынша, қаладағы 16-ықшамауданда болған.

Маңғыстау облыстық ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Оқиғаға қатысты кәмелетке толмағандар анықталып, Ақтау қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Заңды өкілдерінің қатысуымен олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды", - делінген хабарламада.

Алайда жасөспірімнің денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118807-aqtauda-zhetkinshekti-zhabylyp-sabagan-zhasospirimder-videoga-tusip-qaldy/