Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

терезе
Терезе. Көрнекі фото: Gettty Images/ Andreas Rentz / Staff

Өскеменде екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, ол ауруханаға жеткізілді. Бала терезе алдына өзі шығып алған. Бұл туралы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өскеменде Серікбаев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезесінен екі жасар бала құлап түскен. Оқиға болған кезде оның анасы үйде болғаны белгілі болды, бірақ ол қысқа уақытқа баласын қараусыз қалдырған. Ал баланың терезеге қалай көтерілгенін, масадан қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кеткенін байқамай қалған. Бала ауруханаға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2119764-oskemende-eki-zhasar-bala-besinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/