Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдымен сені өлтіремін": Абай облысында ер адам полицияға арызданған әйелін пышақтаған

Жарияланған күні:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін полицияға арызданған әйелін өлтіруге оқталған ер адам сотталды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Facebook-тегі ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, отбасылық жанжалдан кейін әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін айтып, полиция бөліміне арыз берген.

Осы жағдайдан кейін айыпталушы әйелін өлтіруге оқталған.

"Ол "Алдымен мен сені өлтіремін, сосын өзім өлемін" деген сөздермен жұбайына кеуде мен мойын тұсына пышақпен соққы жасаған", - делінген хабарламада.

Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, өлтіру туралы ойламағанын, тек оған дене жарақатын салғысы келгенін айтқан.

Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындыларымен дәлелденді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бөлігі 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы (кісі өлтіруге оқталу) бабымен 8 жылға бас бостандығынан айыру жасасы кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120187-aldymen-seni-oltiremin-abai-oblysynda-er-adam-politsiiaga-aryzdangan-aielin-pyshaqtagan/