Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватында шыққан өрт сөндіріліп жатыр

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватында шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазақстан Ғарыш сапары" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мәліметінше, 27 мамырдан бастап жылу нүктелерінен хабар беру уақытын 40-60 минутқа дейін қысқарту мақсатында виртуал деректерді қабылдау станциясы іске қосылды.

Мәліметтер mchs.gharysh.kz геоақпараттық қызметі арқылы беріледі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілді.

"11 маусымда сағат 13:45-те орман шаруашылығы бөлімінен Іле-Балқаш қорығы аумағындағы батпақты алқапта қамыс өсімдіктері өртенгені туралы хабарлама келіп түскен Алдын ала себеп – найзағай разряды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша өрт аумағы 30 гектар болды. Алғашқы жылу нүктелері 2024 жылғы 11 маусымда сағат 11:15-те тіркелді", - делінген хабарламада.

Бүгінде ғарыштық мониторинг деректері бойынша, Іле-Балқаш қорығы аумағында 2024 жылғы 18 маусымдағы өрт аумағы 2794,79 гектарға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120304-ile-balqash-memlekettik-tabigi-rezervatynda-shyqqan-ort-sondirilip-zhatyr/