Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеткіншек суға батып, тағы бір бала балабақша терезесінен құлады": ақмолалық құтқарушылар дабыл қақты

Жарияланған күні:

Бүлдіршін
Бүлдіршін. Көрнекі фото: Manu Vega / Getty Images

Бүгін, 19 маусымда Ақмола облысында бір бала суға батып кетсе, ал екіншісі терезеден құлаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бірінші оқиға Жақсы ауданында болған. 2013 жылы туған бала досымен бірге шомылмақ болып Қайрақты өзеніне барған. Алайда мұның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Бала суға батып кеткен жер шомылуға немесе балық аулауға арналмаған. Бұған шомылуға тыйым салатын белгілер дәлел дейді құтқарушылар.

"Екінші жазатайым оқиға Шортанды ауданында болды. Жеке балабақшалардың бірінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала 2-қабаттың терезесінен құлап түсті. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде", - делінген хабарламада.

Ақмола облысының ТЖД өкілдері халықты судағы және тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120382-zhetkinshek-suga-batyp-tagy-bir-bala-balabaqsha-terezesinen-qulady-aqmolalyq-qutqarushylar-dabyl-qaqty/