Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ҚазҰУ аумағында жігіт қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті. Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Желіде Алматыдағы ҚазҰУ қалашығы аумағында жігіт қаза тапты деген ақпарат тарады. Алматы қалалық полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген видео журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Университет аумағында қайғылы оқиға болды – студент қайтыс болды", - деп жазды Козачков.

Кадрда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы фонтан жанында полицейлер тұрғанын көруге болады.

"Бұл дерек бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Алайда оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120415-almatydagy-qazuu-aumagynda-zhigit-qaza-tapty/