Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы бес адамды күйік шалды

Жарияланған күні:

Ақтөбе ферроқортпа зауытының қызметкері
Ақтөбе ферроқортпа зауытының қызметкері. Фото: instagram.com/azf_kazchrom

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болып, бес адамды күйік шалды. Бұл туралы "Диапазон" басылымы хабарлайды.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған басылым мәліметінше, 19 маусымда сағат 16.02-де "103" пультіне АФЗ медбикесі қоңырау шалып, зардап шеккендер туралы хабарлады.

Сағат 16.02-де оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы шыққан. Жедел жәрдем бригадасы сағат 16:10-да оқиға орнында медициналық көмек көрсеткен.

"42 жастағы пациенттің бетін және екі білегін термиялық күйік шалған. Жедел көмек көрсетілді. Ол облыстық ауруханаға жеткізілген, бірақ ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қолы күйіп қалған төрт зардап шеккен қызметкер қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізілді. Олардың денесінің 5-13 пайызын күйік шалған, олар травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр ", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Бұл ретте Төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорында өрт болмағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120502-aqtobe-ferroqorytpa-zauytyndagy-bes-adamdy-kuiik-shaldy/