Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңсыз ұстаған": қазақстандық әйелдің үш жасар қызы Түркиядан қайтарылды

Жарияланған күні:

Бүлдіршін
Бүлдіршін. Көрнекі фото: Manu Vega / Getty Images

Қазақстан Республикасының 3 жасар азаматы Түркиядан туған анасына қайтарылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстағаны айтылады.

"Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті орган осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сондай-ақ, көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Бұл барлық қатысушы тараптардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әрбір бала қорғаусыз қалмайды.

Біз балалардың туған елінде қауіпсіз, әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсіп-өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз. Барша қатысушы тараптарға осы маңызды істегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті – халықаралық бала ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенцияны іске асыру жөніндегі уәкілетті орган.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2121153-zangsyz-ustagan-qazaqstandyq-aielding-ush-zhasar-qyzy-turkiiadan-qaitaryldy/