Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда итті тірідей өртеп жібергендер ұсталды

Жарияланған күні:

Итті өртегендер
Итті өртегендер: AtyrauPress

Атырауда итті тірідей өртеп жібергендер ұсталды. Бұл туралы AtyrauPress басылымы хабарлады.

Оқиға 19 маусымда сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде болған. Жануарды қатыгездікпен өлтірген деген күдіктілер анықталып, ұсталған. Олар – 2003 және 2007 жылы туған тұрғындар.

Видеода ер адамдардың бірі иттің үстіне от қойғаны көрінеді. Содан жануар отқа оранады.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті өкілдері.

KAZ.NUR.KZ редакциясы оқиғаның видеосын жарияламайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2121201-atyrauda-itti-tiridei-ortegender-ustaldy/