Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында дельтаплан ұшқышы қаза тапты

Жарияланған күні:

Ұшқыш ұшақ бортында
Ұшқыш ұшақ бортында Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтем жасап хабарлайды.

Комитет мәліметінше, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады.

"Дельтаплан ұшқышы қаза тапты. Бұл оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды", - делінген хабарламада.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді.

Айта кетейік, кеше, 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонды.

Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2122125-aqtobe-oblysynda-deltaplan-ushqyshy-qaza-tapty/