Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы жерасты жарылысының себебі анықталды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/taraznews.kz

Тараз қаласының әкімдігі 22 маусым күні кешке Қарасу ықшамауданында жер астында болған қатты жарылыс себебін айтты, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тараз әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, 2024 жылғы 22 маусымда сағат 21.41-де Қарасу ықшамауданындағы №26 үйдің кіреберісінде асфальт жабындысы жарылып, соның салдарынан электр қуаты өшіп қалды.

Ведомствоның мәліметінше, қалалық коммуналдық қызметтер оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізді.

Қалалық газ шаруашылығы қызметі газталдау құрылғысымен зерттеп, газ құбырының өтпейтінін және газ жарылмағаны жөнінде қорытынды жасады.

"Басқа коммуналдық қызметтерде өздерінің желілерін зерттеп, жасалған қорытынды нәтижесінде 22.06.2024 жылы сағат 21.44 -те Тараз қаласы "Самал" мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық "Рысбек" подстанциясындағы 414 ұяшықтан шығып, №10 тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жер асты кабелі істен шыққаны анықталды.

Апаттық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға орын алған жерден өтеді.

Сағат 22.47-де жарықсыз қалған 10 мөлтек ауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілді.

Апаттық жағдай орын алған жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін интернетте Тараздағы тұрғын үйлердің маңында болған жерасты жарылыс видеосы пайда болған еді. "QazaqGaz Aimaq" АҚ газ құбыры апатты орыннан өтпейді, жарылыстың басқа себептер бойынша болғаны анықталып жатыр. Аймақ қоршауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, жерасты жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2122431-tarazdagy-zherasty-zharylysynyng-sebebi-anyqtaldy/