Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңында жас жігіт туысын құтқарамын деп қайтыс болды

Жарияланған күні:

Көл
Фото: depositphotos.com

Ақтау маңында туысын құтқармақшы болған жігіт суға батып кетті. Қайғылы оқиға Шора су арнасында болды. Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облысының ТЖД өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Lada.kz.

Әлеуметтік желілерде жас жігіттің суға батып бара жатқан туысын құтқаруға асыққандығы, соның салдарынан оның өзі де қаза тапқаны хабарланды.

Облыстық ТЖД қызметінің хабарлауынша, 22 маусымда сағат 20.55-те 112 нөміріне Ақтаудан 25 шақырым жерде суға түсуге арналмаған ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Сағат 21:01-ден бастап құтқарушылар оны іздеуге кірісті.

Сағат 21.33-те жағадан 60 метр жерде екі метр тереңдіктен 1995 жылы туған жас жігіттің денесі табылып, судан шығарылды. Іздеу жұмыстарын бес маман жүргізген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақтаудағы Шора су арнасы аймағында өз бетімен жағаға шыға алмай қалған екі ер адам құтқарылғанын жазған едік. Олардың біреуіне медициналық көмек қажет болды. Олардың 350 метр қашықтыққа жүзіп, қайта алмай қалғандары белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2122509-aqtau-mangynda-zhas-zhigit-tuysyn-qutqaramyn-dep-qaitys-boldy/